Қаржы мониторингі агенттігі 2024 жылдың 23 ақпанында «Қазарнаулыэкспорт» мекемесі бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғановтың қолға түскенін хабарлады. Ол лауазымын арам пиғылда пайдаланды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Қаржы мониторинг агенттігі 2024 жылдың 23 ақпанында брондалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік лауазымын арам пиғылда пайдаланғаны үшін «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының міндетін арқарушы Аршат Аяғановтың ұсталғанын хабарлайды»,-деп жазылған агенттіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ашық дереккөзге сүйенсек, Аршат Аяғанов 1988 жылы туған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қылмыстық құқық бұзушылық: Зайыбын ұрғандарға қандай жаза тағайындалады
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қараша, 2024