жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарт кісілерден ақша алған алаяқтар сотталды

Қарт кісілерден ақша алған алаяқтар сотталды
Фото - ашық дереккөз
Оның екеуі шетелдік екені белгілі болды

Астанада 3 дроппер, соның ішінде екі шетелдік сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, Telegram мессенджері арқылы тергеу барысында анықталмаған тұлғамен үш дроппер қылмыстық сөз байласып, қарт адамдарға телефон соғып, жақын туыстарының жол ережесін бұзғанын, соның салдарынан көмекке мұқтаж адамдар зардап шеккенін хабарлаған.

"Куратордың нұсқауымен "жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге" материалдық көмек ретінде алданған тұлғалардан 14 млн теңгеден астам ақша алып, оны қылмысты ұйымдастырушының есеп айырысу шотына аударып, олардың әрекеттері үшін алынған соманың бір бөлігін өзіне қалдырған үш кінәлі тұлға анықталды",- делінген ақпаратта.

Олардың екеуі шет мемлекеттің азаматы бола тұра, жәбірленушілердің ақшасын жымқырып, елден шықпақ болған. Алайда, олар рейсті күтіп тұрған кезде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұсталды.

- Келтірілген материалдық шығын толығымен өтелді. Үш тұлғаның әрқайсысы 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, - деп мәлімдеді Астана қаласы прокуратурасы

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар