сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 15:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда жоғалған отбасы: Марқұмдардың күйеу баласы мен қызы халықаралық іздеуде

Атырауда жоғалған отбасы:  Марқұмдардың күйеу баласы мен қызы халықаралық іздеуде
Фото: Qamqor.gov.kz
Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді.

Атырау облысында қайын атасы мен енесін өлтірді деген күдікпен 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сондай-ақ оның әйелі - марқұмдардың кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиева да із-түссіз жоғалғандар қатарында халықаралық деңгейде іздестірілуде. 

Полицияның мәліметінше, екі адамға да халықаралық әріптестік желісі арқылы іздеу бағыттамалары жіберілген. Қазіргі уақытта күдіктілердің барлық ұялы телефондары өшірулі. 

Еске салайық, 2025 жылдың күзінде Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалған. Кейін үй ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Ал олардың балалары - Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев әлі күнге дейін табылған жоқ.

Құқық қорғау органдары қылмысқа өзге адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеріп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар