Заң
Дәрігерге күш көрсеткендер 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 24 шілде, 2025
- 1.1k
Бұл өзгерістер медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынуда
Бүгін Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне қарсы жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қандай жаза қарастырылатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрдің мәліметінше, Қылмыстық кодекске арнайы жаңа бап (158-1-бап) енгізу жоспарланып отыр. Бұл бап дәрігерлер мен медицина саласы қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын күшейтуді көздейді.
Жаңа тәртіп бойынша:
бір медицина қызметкеріне күш көрсету немесе қорқыту әрекеттері үшін – 2 жылдан 7 жылға дейін;
төтенше жағдай кезінде жасалса – 10 жылға дейін;
бірнеше дәрігерге қарсы жасалса – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан колледж студентіне үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026
Заң
Петропавлда 33 жастағы азамат синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қаңтар, 2026






