сейсенбі, 15 қазан, 2024 19:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова қызметінен кетті

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова қызметінен кетті
фото - ашық дереккөзден
Ол бұл қызметке 2 жыл бұрын келген

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
 

«Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алма Қайратқызы Мұқанова Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметінен босатылсын», - деп үкіметтің қаулысында айтылған.

 

Мұқанова 2022 жылдың сәуір айынан бері вице-министр қызметін атқарып келді.

Алма Мұқанова 1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін, The university of Warwick (Ұлыбритания) университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы "Қаз Руно" АҚ маманы болып бастады. 2010-2012 - "Қазақ гуманитарлық-заң университеті" АҚ маманы болды.

2012-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы әділет министрлігі Заңнама департаментінің қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық заңнама және қорғаныс саласындағы заңнама бөлімінің сарапшысы, сарапшының міндетін атқарушы, бас сарапшысы қызметін атқарды.

2015-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы әділет министрлігі заңнама департаментінің экологиялық заңнама және өнеркәсіп және көлік саласындағы заңнама басқармасының басшысы болды.

2017-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы әділет министрлігі заңнама департаменті директорының орынбасары, 2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар