жұма, 11 шілде, 2025 22:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ІІМ: Медицина мекемелерінде есірткі заттарға байланысты 237 құқықбұзушылық анықталды

ІІМ: Медицина мекемелерінде есірткі заттарға байланысты 237 құқықбұзушылық анықталды
Фото: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда.

9–13 маусым аралығында Ішкі істер министрлігі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымын бақылауға бағытталған "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңін өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап.

Тексеру барысында:

709 нысан қаралды (577 медицина мекемесі, 132 өндіріс орны);

237 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды;

23 мың ампула мен 6 мың таблетка тәркіленді;

135 медицина қызметкеріне қатысты материалдар тиісті органдарға жолданды;

380 мың тонна прекурсор айналымы шектеліп, 70 заңды тұлға жауапқа тартылды;

20 есірткіге қатысты құқықбұзушылық тіркелді.

Түркістан облысында медицина қызметкерлерінен құралған қылмыстық топ жалған рецептер арқылы "трамадол" алған. Барлық тұлғалар ұсталды.
ШҚО-да прекурсор импортымен айналысатын кәсіпорыннан 380 мың тонна зат тәркіленді.
Ақмолада 2003 жылы туған азамат есірткілік дәрі сатқаны үшін ұсталды.

ІІМ барлық заңды тұлғаларды бақылаудағы заттармен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар