жексенбі, 27 шілде, 2025 9:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбе облысында алты баланың әкесі бала құтқарам деп көз жұмды

Ақтөбе облысында алты баланың әкесі бала құтқарам деп көз жұмды
facebook.com
Ақтөбе облысының Байғанин ауданына қарасты Жарлы ауылында 17 маусым күні қайғылы оқиға орын алды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9 жастағы қыз бала жеке үйдің ауласында орналасқан қараусыз құдыққа құлап кеткен.

Қызды құтқаруға көршісі — 37 жастағы Нұрбол Бердіғалиев ұмтылған. Алайда екеуінің де сыртқа шығуына мүмкіндік болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам да, бүлдіршін де газдан уланған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар құдықтан екеуінің өлі денесін алып шықты.

Облыстық әкімдік оқиғаға қатысты қосымша ақпарат берді.

– Бұл бұрын екі отбасы пайдаланған ескі құдық. Оның үсті ағаш тақтайлар мен дөңгелекпен жабылған. Қайғылы сәтте үш бала құдық маңында ойнап жүрген. Сол кезде қыз бала құлап кеткен. Нұрбол Бердіғалиев көмекке ұмтылып, төменге түсті. Алайда улы газдың буынан уланып қалған. Кейін құтқарушылар екеуінің денесін алып шықты, – деді аудан әкімі.

Нұрбол Бердіғалиев — еркін күрестен жаттықтырушы болған. Артында алты баласы қалды. Марқұм 2017 жылы Жарлы ауылына қоныс аударып, сол уақыттан бері Байғанин аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы қызметін атқарды. Ол осы жылдар ішінде көптеген жас спортшыларды үлкен жетістіктерге жетелеп, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарда топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тәрбиеледі. Оның шәкірттерінің арасынан 20-ға жуық спортшы Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындады.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар