бейсенбі, 9 сәуір, 2026 18:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Инвестициялық омбудсмен инвесторларды қорғауды күшейтеді

Инвестициялық омбудсмен инвесторларды қорғауды күшейтеді
Фото - ашық дереккөз
Астанада Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен инвестицияларды қорғауға арналған форум өтті

Форум жұмысына Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің депутаттары, ҰКП «Атамекен», Сыртқы инвесторлар кеңесінің мүшелері, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі, ірі отандық және шетелдік бизнес, сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуразиялық даму банкінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Форумды ашқан Бас Прокурор инвестор нақты қорғалғанын сезінуі, құқықтық ортадағы ашықтық пен тұрақтылыққа сенімді болуы керек екенін атап өтті.

«Біздің жұмысымыз мемлекеттік органдардың заңдылық, болжамдылық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген, яғни «Заң мен тәртіп» идеологиясының қағидаттарына сүйенеді.

Инвесторлардың қызметіне заңсыз араласу әрекеттерінің кез келгені прокуратура органдарының барлық құралдары арқылы тоқтатылады».

Форум барысында прокуратураның инвестицияларды қорғаудағы рөлін трансформациялау жұмысы кеңінен қамтылды.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Бас Прокурорға Инвестициялық омбудсмен өкілеттігі берілген.

Инвестор құқықтарын қорғау комитеті оның жұмыс органы болып табылады, ал өңірлерде бұл функцияны аймақ прокурорлары жүзеге асырады. Бұл күрделі жағдайларды тез шешуге және инвесторларды институционалды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Форумның ерекшелігі ретінде Инвестор құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы жаңа инвестициялық қолдау құралдарын таныстырды, олар Президенттің қолдауына ие болып, заңнамалық түрде бекітіледі.

Мысалы, прокурорға міндетті түрде орындалуы тиіс ұйғарымдар енгізу құқығы берілген.

Инвестициялық жобаға персоналды прокурор бекітіліп, жылдың басынан бастап оның проактивті жұмысы шамамен 600 инвестордың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді, ал Комитеттің инвестициялық портфелі 1 мың жобамен толықты, жалпы сомасы 12 трлн теңге болды.

Қазіргі уақытта прокурорлық сүйемелдеуде 2,8 мыңнан астам инвестициялық жоба бар, жалпы құны 96 трлн теңге.

Заңбұзушылықтарды тиімді болдырмау үшін прокурорлық фильтр кеңейтілді. Енді инвесторларға қатысты кез келген шектеу шаралары, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың тексерулері мен талаптары прокурордың келісімінсіз мүмкін емес. Бұл механизм 1 мыңнан астам негізсіз шешімдерді, оның ішінде 450 заңсыз тексеруді, 500 әкімшілік өндірісті және 200-ден астам шектеу шараларын болдырмады.

Цифрландыру аясында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа «Цифрлық бақылау» жүйесімен интеграцияланды, бұл жобаның барлық циклін, туындайтын мәселелер мен мерзімдерге кешіктірулерді «бір терезе» режимінде бақылауға мүмкіндік берді.

«Мобильді прокурор» қосымшасында инвесторларды персоналды прокурормен тәулік бойы байланысқа шығуға арналған бөлім енгізілуде.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар