Киім дүкенін тонамақ болған
Таразда полиция қызметкерлері "Дамдес" супермаркетінің сауда павильондарының бірінде киім ұрлаған облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын "ізін суытпай" ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тонаушы қымбат бағалы киім мен аяқ киімді өлшеп көрмек сылтауымен жымқырмақ болған. Сатушылардың назарының басқа жаққа ауғанын пайдаланып, тауар үшін төлем жасамай, дүкеннен шығып кеткен.
Алайда, ер адам ұрланған киімді иеленіп кете алмады, себебі оны Тараз қаласының полиция қызметкерлері жедел түрде ұстады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.
[video width="1920" height="1080" mp4="https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2020/09/whatsapp-video-2Ң2Ң-Ң9-Ң7-at-16.23.25.mp4"][/video]
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Алматыда түнгі клубтың аспазы есірткі таратты деген күдікке ілінді
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қаңтар, 2026
Заң
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік елден қуылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2026






