сенбі, 23 қараша, 2024 9:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деген шенеуніктер ұсталды

Коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деген шенеуніктер ұсталды
ашық дереккөзі
Коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деген шенеуніктер ұсталды
Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деген шенеуніктер ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді бастады. Олар коронавирус пандемиясымен күреске бөлінген медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алған. Мемлекетке 8 миллион 730 мың 560 теңге көлемінде шығын келген", - деді ол брифингте.

Қазіргі таңда бұл қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.   Tengrinews.kz 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар