жұма, 22 қараша, 2024 16:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мал ұрлығымен айналысып келгендер құрықталды

Мал ұрлығымен айналысып келгендер құрықталды
ашық дереккөзі
Мал ұрлығымен айналысып келгендер құрықталды

"Мал ұрысы" жедел-алдын алу іс-шарасының 3 күні  ішінде облыстың полиция қызметкерлерімен мал ұрлығының 16 дерегі, оның ішінде  бұрын жасалған қылмыс - 13 және өткен жылдар санаты бойынша   4 дерегі  ашылды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде иелеріне 72 бас мал қайтарылды.

Мәселен, ағымдағы жылдың  18 қарашасында полицияға Т.Рысқұлов ауданы тұрғындарының бірі белгісіз тұлғалармен  жайылымнан 23 бас ірі қара мал ұрланғаны, шығын көлемі  5 млн. теңгедей  залал келтіргені  туралы хабарласты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Байзақ ауданының 43 және 44 жастағы екі тұрғыны анықталды. Ұсталғандар УҰИ-ға қамаққа алынды.  ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ағымдағы жылдың 10 айында 169 мал ұрлығы тіркелді.  Ұрланған 623 бас малдың 295-і иелеріне қайтарылып, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам материалдық шығын өтелді.

Мал ұрлығының тіркелген дерегі бойынша полиция қызметкерлері 93 адамды, оның ішінде 35 адамнан тұратын 16 топты ұстады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды жеке қосалқы шаруашылықтардағы малдарына  бақылауды күшейтуді  және жайылымдарда қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ бейтаныс адамдарға мал жайдырмауды  ескертеді.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар