сәрсенбі, 27 қараша, 2024 13:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайдағы қақтығыс cалдарынан келген шығын көлемі белгілі болды

Қордайдағы қақтығыс cалдарынан келген шығын көлемі белгілі болды
ашық дереккөзі
Қордайдағы қақтығыс cалдарынан келген шығын көлемі белгілі болды

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қарулы қақтығыс кезінде 830 миллион теңгеден астам шығын келген. Мұндай соманы басты сот талқылауында мемлекеттік айыптаушы айтты.

Прокурор алты сағат бойы айыптау актісін оқып, кімнің қандай қылмысты қай уақытта жасағанына дейін айтып берді. Яғни, қазір әр сотталушының қылмысы мен келтірген шығын көлемі де белгілі.
Прокурор жаппай тәртіпсіздік болғанға дейін де ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп, бірқатар белсенді азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты. Сол кездің өзінде елге ойын ашық айтып, күш көрсетуге үгіттеген адамдар болыпты. Процесс барысында жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген бес адамның аты аталды. Олар Масанчидағы қақтығысты ұйымдастырған деп айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Whatsapp желісі арқылы тараған аудиохабарламаларды дәлел ретінде келтірді. Сондай-ақ, заңсыз іс-әрекеттер жасауға шақырғандар ішінде Атырау мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп жүрген қордайлықтар да бар екен. Олар да бейнежазбаларды түрлі топтарға таратып, көшеге шығуға үгіттеген. Айта кетейік, бұл талқылауға жәбірленушілер қатысқан жоқ. "Қибеков және Әлиев ауылдастары Жәнібек және Ибраевпен бірге келісе отырып әрекет еткен. Жергілікті халықтың ішінде болған адамдарды белсенді түрде заңға қайшы әрекеттер жасауға арандатқан", - деді мемлекеттік айыптаушы Лесбек Мешітбаев. Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық ұрыс басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арандатушылар топтық төбелесті бұзақылық ниетпен пайдалануға тырысқандарын айтты. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысты. Жанжалдар Аухатты және Булан-Батыр ауылдарына да әсер етті. Бұзақылар металл заттарды, тастарды, атыс қаруларын қолданған. 8 ақпанда тәртіпсіздіктер кезінде бірнеше ондаған қатысушылар жарақат алып, оқ атқан, 8 адам жарақаттан қаза болған. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз әрекеттерді болдырмау жөніндегі қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлері түрлі жарақаттар алды. Кейін тәртіпсіздіктерден соң 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды.Тәртіпсіздіктерге қатысқан 51 адам ұсталды. stan.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар