ҚР Қылмыстық кодексі жаңа 232-1-баппен толықты: дропперлік жасау енді қылмыс саналады
- авторБақытжан Бекболат
- 16 қыркүйек, 2025
- 950
2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілік көзделген жаңа 232-1-бап енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дропперлікке банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оларды беру немесе алу, заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жасау, сондай-ақ материалдық сыйақы үшін банк картасын үшінші тұлғаларға беру жатады.
Бұл әрекет интернет-алаяқтықта ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығарудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады.
Жаңа бапқа сәйкес, қылмыстың ауырлығы мен келтірілген зиянға қарай жаза айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілеумен бірге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жетуі мүмкін.
Бұл өзгеріс кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жүргізуді, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қорғауды және цифрлық ортадағы қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қоюды мақсат етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2025
«Бірқатар қауіптер төмендетілді»: Бас прокурор Берік Асылов желіде жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 24 желтоқсан, 2025






