Жамбылдық полицейлер «Қару» жедел-алдын алу шарасы барысында шопанның вагонынан есірткі, қару-жарақ пен Қызыл кітапқа енген жануардың етін тапты.
Мойынқұм ауданының құмға жақын маңдағы мал жайылымы аумағында жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында қойшы болып жұмыс істейтін 34 жастағы жергілікті тұрғынның шағын вагонынан жалпы салмағы 1 келі 310 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
«Тексеріс барысында вагоннан тіркелмеген 5 аңшы мылтығы, 56 аңшылық патрон, сондай-ақ ел аумағында аулауға тыйым салынған қарақұйрық жануарының еті мен басы табылды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігінің (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігінің (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындаған. Айта кетейік, заңда есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға дейін, заңсыз аң аулағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде әйелдер құқығын қорғау шаралары күшейтіліп жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024