Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткізетін болды.
Әйгілі жаттықтырушы Фредди Роучтың Wild Card Boxing Gym бокс залында өтетін жекпе-жекте жерлесіміз жеңілістің кермек дәмін татпаған АҚШ боксшысы Чарльз Конуэллмен (13-0, 10 КО) жұдырықтасады. Айқас бірінші орта салмақ дәрежесінде өтеді және кездесу он раундқа есептелген.
Айта кетейік, боксшылардың статистикасын жүргізетін BoxRec.com басылымы отандасымыздың алдағы жекпе-жегін үш жұлдызға бағалап отыр. Бұл – Әшкеевтің жекпе-жегіне берілген ең жоғары баға. Әйгілі басылым бұған дейін отандасымыздың 2019 жылдың мамыр айында америкалық Сесил МакКаламен өткен кездесуін екі жұлдызға бағалаған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Шопанның вагонынан есірткі мен қару-жарақ табылды
Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қараша, 2024