сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 22:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шымкент қаласының тұрғыны «Instagramда»  заңсыз лотерея ұйымдастырып, 96 млн пайда тапқан

Шымкент қаласының тұрғыны «Instagramда»  заңсыз лотерея ұйымдастырып, 96 млн пайда тапқан
Фото - ашық дереккөзден
Ол 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойнатқан

Шымкент қаласының тұрғыны «Instagramда»  заңсыз лотерея ұйымдастырып, тиісті лицензиясысыз, заңсыз пайда табу мақсатында 2 аккаунттан тікелей эфирде «ЛОТО» ойнатқаны анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Деректерге сүйенсек, қылмыскер лотерея ұтысы ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылған.  Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылған.  

Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асырған (1 данасын – 5000 теңгеге, 3 дана – 10000 теңге, 6 дана – 20000 теңге, 12 дана – 40000 теңге, 30 дана – 100000 теңге).  Сатылған билеттерден түскен қаражатты өзінің карт-шотына және туыстарының шоттарына жинаған.

 

- 2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асты.  Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.  Сот үкімі бойынша алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне тәркіленді, делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар