Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не? Парасаттылық – сыбайлас жемқорлықсыз қоғамның кепілі
- авторjambylinfo.kz
- 7 желтоқсан, 2020
- 447
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы сыбайлас жемқорлыққа келесі анықтама береді - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар.
Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ең қауіпті және кең таралған әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызылуы мүмкін, оның зиянды әсері мемлекеттік құрылым мен дәстүрге қарамастан кез келген елде сезіледі. Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың жоғары деңгейінде үлкен көңіл бөлінуде. Мемлекеттік органдардың бақылау функциялары қысқарып келеді, олардың жұмысының бақылануы мен ашықтығы қамтамасыз етіледі, экономика мен бизнеске мемлекеттің қатысуы азаяды, мемлекеттік қызметтердің басым көпшілігі электронды түрде көрсетіліп келеді.
Үкімет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, қоғамның санасы, ойлау мәдениеті өзгеруі, сондай-ақ қоршаған ортаға парасаттылықпен қарау қажетті деп санаймын.
Мақала жазған, Жамбыл облысы Әділет департаментінің филиалы «Т.Рысқұлов ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің» басшысы – аға сот орындаушысы С.Айтжанов
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз