сенбі, 23 қараша, 2024 18:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түрмеде сотталушыларды ұстаудың жаңа тәртібі енгізілмек

Түрмеде сотталушыларды ұстаудың жаңа тәртібі енгізілмек
ашық дереккөзі
Түрмеде сотталушыларды ұстаудың жаңа тәртібі енгізілмек
Қазақстан сотталушыларды ұстаудың камералық режиміне көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мекемелер негізінен өткен ғасырдың 30-шы, 50-ші жылдарында салынған. Олардың көпшілігі техникалық тұрғыда ескірген. Қылмыстық атқару жүйесіндегі негізгі проблемалардың бірі - бұл ұстаудың отрядтық барактық жүйесі. Яғни, бір бөлмеде 100-200 сотталушы ұсталды. Мұндай жағдайда қандай да тәрбиелік шаралар қолдану өте қиын. Сотталушылар осылай көп шоғырланғанда қылмыстық ортаның бірнеше беделдісі ғана сотталушылардың заңға мойынсұнатын негізгі бөлігіне теріс ықпал ете алады. Алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге орай, біз ұстаудың камералық режиміне көшуді жоспарлап отырмыз. Онда бір камерада 6-дан артық сотталушы болмайды», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Оның дерегінше, елімізде отрядтық барактық жүйедегі 8 мекеме бар. Оларда шамамен 4 мың адам жазасын өтеп жатыр. «Ең алдымен қолданыстағы ғимараттары мен құрылғыларын жаңғырту қажеттілігі бар 6 мекемені айқындап алдық. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Олардың құрылысуы қаржыландыруға және экономикалық ахуалдың мұнан ары дамуына тікелей байланысты», - деді Жанат Ешмағамбетов. inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар