сейсенбі, 16 шілде, 2024 5:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда балалы әйелдің арбасынан әмиян ұрлаған еркек ұсталды

Таразда балалы әйелдің арбасынан әмиян ұрлаған еркек ұсталды
Фото - ПД
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған

Полиция қызметкерлері шаһардағы шағын аудандарының бірінде орналасқан сауда орнында балалар арбасынан әмиан ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәліметке сүйенсек, базаршылап сауда орнына келген әйел баласы отырған арбадан жүзін бұрған сәтте бейтаныс еркек бөтеннің мүлкіне қол сұққан. Әмианның ішінде жеке құжаттар мен 250 мың теңге көлемінде ақша болған екен.

-    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға адам көп шоғырланатын орындарда құнды заттарына мұқият болып, қырағылық танытуда ескертеді!,- деді ПД баспасөз қызметі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар