«100 мыңнан аса азаматымыз аман қалады». Асхат Аймағанбетов онкологиялық аурулардың алдын алу мәселесін көтерді
- авторМағжан Орынбасар
- 9 шілде, 2024
- 509
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағанбетов онкологиялық аурулардың алдын алу мәселесі бақылауіда екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аймағанбетов әлеуметтік желідегі парақшасында онкологиялық аурулардың алдын алумен қатар, МӘМС жүйесіне қосылмаған мыңдаған отандастың өмірін сақтап қалу үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы жабза жариялады. Оның сөзінше, комитет отырысының нәтижесінде министрлікпен бірлесіп, бюджеттен бөлінетін қаражатты қысқарту туралы бұйрықты қайта қарау, жұмыс тобын құрып, нақты шығындарды есептеу және тіпті бірнеше бағыттар бойынша қаржыландыруды арттыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.
- МӘМС жүйесіне енбеген 3,4 млн азаматтарды онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін скринингпен қамту және ұлтабар ісігін ерте анықтау үшін жаңа скринингтер енгізу мәселелері де қарастырылды. Жалпы, министрлікпен осы сұрақтар бойынша тығыз диалог жүріп жатыр. Осы мәселелерді талқылау үшін Қарағанды онкология орталығына барып, дәрігерлермен кездесу өткіздік. Мамандар да, сол жерде емделіп жатқан азаматтар да біздің дәлелдерімізбен толық келісіп, қолдауларын білдірді. Президентіміз Қ. Тоқаевтың қолдауының арқасында соңғы жылдары онкологиялық қызмет жақсы дамып келеді. Өткен жылы бекітілген Кешенді жоспар толығымен іске асса, жүздеген мың азаматымыздың өмірін сақтап қалу мүмкіндігі артады,- деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Енді еңбекке жарамсыз анықтаманы дәрігер жұмыс орнына тікелей жібереді
- авторjambylinfo.kz
- 13 желтоқсан, 2024
Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024