сейсенбі, 16 шілде, 2024 21:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Әлемге танымал" Алмас Кешкінбаев екінші әйелі әлемге танымал тұлға екенін айтты

"Әлемге танымал" Алмас Кешкінбаев екінші әйелі әлемге танымал тұлға екенін айтты
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Әнші алғаш рет жеке өмірі туралы сыр ақтарды

«Superstar KZ» жобасының жеңімпазы Алмас Кішкенбаев журналист Анна Данченконың YouTube-тағы арнасына берген сұхбатында шығармашылығы мен  жеке өмірі туралы мағлұмат берді, – деп хабарлайды «jambylinfo.kz». 


Әншінің жанкүйерлерін қызықтырған сұрақтың бірі Алмастың екінші әйелі кім екені. Әнші бұл сұраққа да жауап берді.

«Ол адам белгілі ортада, өзінің айналасына танымал. Өзінің саласы бойынша бүкіл әлемге танымал. Осымен осы тақырыпты жауып қояйық», – деді Алмас Кішкенбаев.

Соңғы уақытта сахнадан көрінбей кеткен әнші қайта оралатынын мәлімдеді. «Ерлан секілді директорды іздеп жүргенмін. Бір күні интернетте Ерланмен сөйлесіп қалдым. Осындай адам іздеп жүргенімді айтқан едім, «Мен бармын ғой» деді. Содан басталып кетті. Ол да музыкант, әнші. Зирузаның продюсері болған. Зирузаны мықты көтерді ғой», – дейді әнші.

Сахнадан көрінбей кеткенімен, желіде желдей ескен жұлдыз бүгінгі таңда тикток әлеуметтік желісінде отырады. Батл арқылы қыруар қаражат тауып жүр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар