сенбі, 23 қараша, 2024 9:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда интернет желісіндегі алаяқ әйел жазасын тартты

Таразда интернет желісіндегі алаяқ әйел жазасын тартты
ашық дереккөзі
Таразда интернет желісіндегі алаяқ әйел жазасын тартты
Таразда интернет желісіндегі алаяқ әйел жазасын тартты Тараз қалалық ПБ 2-ПБ-мен, бірнеше азаматтардың арыздары бойынша Тараз қаласының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі «4» тармағында көрсетілген қылмыс жасағаны үшін, сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілген. Тараз қаласының тұрғыны 2019 жылдың қыркүйек айында ғаламтор желісінде «INSTAGRAM» парақшасына «ЗОЛОТО-585» жалған сайтын ашып алтын сататын бұйымдары жоқтығына қарамастан, 2020 жылдың наурыз айына дейін оған түрлі алтын бұйымдардың жалған суретін қойып, жеңілдіктермен арзан бағада сатылатынын көрсеткен. Осыдан кейін ол өзінің «Каспий Голд» есеп шотына Тараз, Шымкент, Түркістан, Алматы қалаларының тұрғындарынан ақшалай қаражат аудартып алып, ғаламтор желісіндегі парақшада оларды қара тізімге енгізіп, шектеме қойып, алдап-соғып қаржыларын иемденген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында, тергеушілермен қылмыс жасаған түлғаның әрекеттері әшкерленіп, оның кінәсі толықтай дәлелденді. Тараз қалалық №2 сотының үкімімен, ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдап немесе сенімін теріс пайдалану жолымен Республикамыздың бірнеше облыстардың тұрғындарын мүлкін жымқыруды бірнеше рет жасағаны үшін 30 жасар азаматшасы сотталды. Осыған байланысты Жамбыл облысы Полиция Департаменті облыс және қала тұрғындарынан, ғаламтор желісіндегі парақшалардағы, сайттардағы жарнамалар бойынша әлде қандай іс-әрекет жасар алдында, толық тексеруді сұрайды .
Жамбыл облысы Полиция Департаменті
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар