жексенбі, 24 қараша, 2024 23:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда пробация қызметкеріне пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды

Таразда пробация қызметкеріне пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды
ашық дереккөзі
Таразда пробация қызметкеріне пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды
  Тараз қалалық №3 пробация қызметінің инспекторы Ринат Акышевқа 15 мың теңге көлемінде пара ұсынған азамат қолға түсті. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. ҚР ҚК-нің 296, 297 және 191 бабымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалған 41 жастағы азамат пробация қызметкерінен тәртіптік жауапкершілікке тартпауын сұрап, пара бермек болған. - Заңды бұзған азамат пробация қызметкеріне 7000 теңге көлемінде пара беру кезінде құрықталды. Алдын ала тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табады, – делінген хабарламада. Еске сала кетейік, Жамбылда біраз уақыт бұрын пробация қызметкеріне 5 мың теңге көлемінде пара ұсынған азамат құрықталған еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар