сенбі, 28 желтоқсан, 2024 12:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдарын ұрлап кетті

Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдарын  ұрлап кетті
ашық дереккөзі
Тараздағы зергерлік дүкеннен 25 млн теңгенің бұйымдарын ұрлап кетті
Тараз қаласындағы зергерлік дүкеннен ірі көлемде зергерлік әшекей бұйымдар ұрланды. Қарақшы дүкенге ғимарат қабырғасын бұзып кіріп, алтын бұйымдардың көп бөлігін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 25 000 000 теңгені құрайды. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орын алған аумақты тексеру барысында дүкенге қылмыстық шабуыл жасау алдын ала мұқият дайындықпен ұйымдастырылғаны белгілі болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірген. Ол Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғыны болып шықты», -делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар