Жамбылдық полицейлер Мойынқұм ауданында заңсыз аң аулаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 29 желтоқсанында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің полицейлері Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының “Сапсан” мамандандырылған жедел қызметі” КММ инспекторларымен бірлесіп, Мойынқұм ауылынан 90 шақырым жерде 26 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Урал” маркалы мотоциклін тоқтатты.
Тексеру барысында мотоциклден жабайы қабанның ұшасы және тіркелмеген 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық табылды.
ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (Заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
https://youtu.be/e3ALwmzZtQgjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Байзақта қос отбасы баспаналы болды
Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда есірткі сатумен айналысқан колледж студентіне үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026
Петропавлда 33 жастағы азамат синтетикалық есірткі сатумен айналысқан
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қаңтар, 2026






