жұма, 14 ақпан, 2025 14:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Қазақстан мен Болгарияның құзыретті органдары Меморандумға қол қойды

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару: Қазақстан мен Болгарияның құзыретті органдары Меморандумға қол қойды
Фото - ашық дереккөз
Іс-шара Болгария Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Комитеттің бастамасы бойынша ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен Болгария Республикасының Заңсыз иемденілген мүлікті алып қою жөніндегі комиссиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою ресми рәсімі өтті,- деп хабарлайды jambylinfo.kz

-  Тараптар өзара іс-қимылды белсенді дамытуға ниетті екендіктерін білдіріп, ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін, сондай-ақ активтерді іздеу, анықтау, тыйым салу және қайтару саласындағы тәжірибе алмасудың негізгі мәселелерін атап өтті. Меморандумды жүзеге асыру мақсатында сапар барысында екі ведомство делегацияларының алғашқы ресми екіжақты кездесуі өткізілді. Болгария тарабы сыбайлас жемқорлық және өзгеде қылмыстар нәтижесінде алынған активтерді анықтау, қадағалау және басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісті.   Комитет төрағасы өз кезегінде Қазақстанда қолданылатын активтерді қайтару тетіктері мен тәсілдері туралы айтып берді, сондай-ақ қайтарылған қаражатты елдің дамуы үшін пайдаланудың нақты мысалдарын келтіре отырып, жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы хабардар етті,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ Комитет бұған дейін Болгарияның Жаңа Университетімен ведомство қызметкерлерінің құзыреттілігін арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандум жасасқанын атап өткен жөн.  

-  Оны іске асыру аясында Комитет пен Университет өкілдері заң үстемдігін, оның ішінде активтерді қайтару саласындағы ғылыми зерттеулер негізінде консультациялық қызметтер көрсету және оқытуды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету жөніндегі келесі қадамдарды талқылады.   Осындай екіжақты құжаттарға қол қою заңсыз баюға қарсы күресте халықаралық күш-жігерді біріктіру үшін берік негіз қалыптастырады,- деп жазды Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар