жексенбі, 9 ақпан, 2025 9:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі өтті

Жамбылда шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Шарада 650-ден астам 10 және 11 сынып оқушысы шетелдік ЖОО бойынша ақпарат алды

  Жамбыл облысында білімге қолжетімділікті кеңейту мақсатында басталған шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының көрмесі өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көрмеге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Салемов, Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы Рауан Садырқұлов қатысты.
Аталған науқан еліміздің бірнеше қалаларында ұйымдастырылған. 10 және 11 сынып оқушыларына арналған «Study in Kazakstan» шетелдік 20 дан астам оқу орындарының филиалдарының көрмесінің негізгі мақсаты қазақстаннан шықпай - ақ шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік жасау.Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, аймақта жастардың қолжетімді білім алуы үшін жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. 

 

 Қазіргі таңда президентіміздің сындарлы саясатының арқасында еліміздің көптеген өңірлерінде шетелдік білікті жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, қос диплом жүйесі бойынша диплом алуға жағдай жасалған. Мәселен тарихы терең Тараз қаласында Дулати университетінің базасында Менделеев атындағы Ресей химия технологиялық университетінің филиалы ашылып, жұмысын жасауда. Бұл осы саладағы мамандықтың ең биік шыңына шығуға үлкен мүмкіндік. Құрметті жастар биылғы жылы Жамбыл облысында болашақ талапкерлердің саны артты. 11 мыңға жеттіп отыр. Сондықтан бұл іс-шара еңселі білім ордаларының бағдарламаларының ұсыныстарын білдіріп, болашақ студенттерді өз қатарына тартуға таптырмас қадам екенін жеткізгім келеді. Құрметті жас түлек Study in Kazakstan көрмесі таңдауларыңызды саналы түрде жасауға, кәсіби және тұлғалық өзіңізді тануға білікті маман болып қалыптасуға жол ашпақ. Хәкім Абайдың сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап да бар қалан деген өлең жолдарына сүйенсек, жаның қалайтын мамандықты жаңылмай таңдаудың маңызы зор. Бағыты түзу баладан келешекте маман ғана емес майталман шығады. Ел болашағының ойлау халықтың үкілеген үмітін ақтау сіздермен біздерге үлкен міндет. Осыған орай барлықтараыңызға сәттілік тілеймін,- деді Серік Сәлемов. 

 

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министірінің кеңесшісі Руслан Емелбаев  «Study in Kazakstan» бастамасының маңыздылығына тоқталып, 2025 жылы тағы да осындай 11 стратегиялық серіктестікті іске қосу жоспарланып отырғанын айтты. 

 Бүгін Тараз қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігі және Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастырумен «Study in Kazakstan» атауымен Қазақстанда соңғы жылдары ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалалдарымен қос дипломдық бағдарламасының көрмесі өтуде. «Study in Kazakstan» талапкерлерге  өте үлкен мүмкіндік. Елімізден тыс шақпай – ақ өз елімізде жүріп, әлемдік әрі халықаралық стандартқа сәйкес келетін дипломға білімге ие болу мүмкіндігі. Жалпы 2022, 2024 жылдар аралығында ғылым және жоғары білім министрлігінің стратегиялық серіктестік негізінде 23 филиал мен қос дипломдық бағдарлама ашылды. Биылғы жылы 2025 жылы тағыда осындай 11 стратегиялық серіктестікті іске қосу жоспарланып отыр. Соңғы жылдарда ашылғандардың бірі осы көне Тараз қаласында 3 жақты келісіммен яғни Министрлік сонымен қатар жоғары және ең бастысы бұл өндірістің каз фосфаттың бірігу нәтижесінде РХТУ Ресейдің Менделеев атындағы Ресей химия технологиялық университетінің филиалы ашылған болатын. Бұл жалпы Жамбыл өңіріндегі химия саласын ескере отырып ашылып отыр. Бұл жердегі басты мақсат осы салаға арнайы білікті мамандарды жетілдіру. Филиалдарды ашып жатқанда министрлік тарапынан сол жергілікті өңірдегі басым болатын өндіріс саласы міндетті түрде ескеріледі,- деді Руслан Емелбаев.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар