жұма, 27 желтоқсан, 2024 15:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жүк тасымалы талабын бұзған жүргізушіге 900 мың теңге айыппұл салынды

Жүк тасымалы талабын бұзған жүргізушіге 900 мың теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Жүк тасымалы талабын бұзған жүргізушіге 900 мың теңге айыппұл салынды
Сарысу ауданындағы автожолдардың бұзылуын болдырмау мақсатында және облыс бойынша ауыр салмақты карьерлік көлік құралдарының жүруін бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жергілікті полиция қызметі, аудандық полиция бөлімі, «Жамбыл - адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасының және көліктік бақылау инспекциясының мамандарымен бірлескен рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді.
Осы тұрғыда, «Ақкол-Үшарал-Тоғызкент» және «Саудакент-Тоғызкент» автомобиль жолдарының қиылысында орналасып, ауыр салмақты карьерлік көлік құралдарының оның ішінде тұз тасымалдайтын көліктері тексерілді.
Осы бағытта, 1 ауыр жүк көлігінің жүк тасымалдау ережелерін бұзғаны анықталып, көлік иесіне, тиісті әкімшілік жауапкершілікке сәйкес, жалпы 900 мың теңгеге айыппұл салынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар