Жамбылда атыс қаруы бар 9 мың адам тексерілді
Жамбыл облысының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды.
Аталған іс-шаралар аясында, облыс аумағындағы тұрғылықты жері бойынша атыс қаруы бар 9 101 адам тексерілді. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК – не сәйкес, атыс қаруын сақтау ережелерін бұзудың 245 жағдайы жойылды. Бұдан басқа, азаматтарда қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз тұрған заңсыз атыс қаруының 108 бірлігі тәркіленді. Іс жүргізу шешімін қабылдау және барлық тәркіленген қарудың қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін баллистикалық сараптама тағайындалған. «Жалпы жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 204 041 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды, оның ішінде 732 дерек тұрмыс саласындағы заңнаманы бұзу, 64 дерек балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау, 531 ұсақ бұзақылық дерегі, 144 дерек қорғау нұсқамасын бұзу, 3 801 дерек қоғамдық орында мас күйінде болу, 6 449 дерек паспортсыз немесе жеке куәліксіз тұру және ҚР заңнамасын өзге де бұзушылықтар»,- деп хабарлады ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Манас Әбдікәрімов. Қазіргі уақытта облыстың барлық учаскелік инспекторлары тұрғындардың жалпы үйлік чаттарына қосылған, оған тұрғындар, КСК және аймақ комитеттерінің басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылған.
inform.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз