Жамбыл облысында көшеде кәмелетке толмағанның ұялы телефонын тартып алған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Байзақ аудандық полиция бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 12 жастағы баласынан құны 80 000 теңге тұратын “Редми Ноут 8” маркалы ұялы телефонын тартып алған белгісіз тұлғаға қатысты шара қолдану туралы өтініш білдірген.
Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша тіркелді.
https://youtu.be/aB7M1xhL6cEҚаскүнем ауыл көшелерінің бірінде ойнап жүрген балаларды көріп, олардың қасында ересектердің жоқтығына көз жеткізіп, балалардың біреуінің қолынан ұялы телефонын тартып алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысты жасаған Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз