20 млрд қаражат бөлінген нысандардың құрылысы тоқтап тұр - Депутат
- авторМағжан Орынбасар
- 3 шілде, 2024
- 449
Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров облыста 20 млрд қаражат бөлінген нысандардың құрылысы тоқтап тұрғанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Мұқаш Ескендіровтың сөзінше, облыстық әкімшіліктің мемлекеттік сатып алу басқармасы дұрыс жұмыс істемейді. Өйткені, облыста әлеуметтік нысандардың құрылысы басқарманың салғырт ісінің кесірінен тоқтап тұр. Кейбірі әлі басталмаған. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер арасында дау туып, сотта қаралып жатқан шағым көп.
- Мен әлеуметтік нысандарды қатаң бақылауда ұстаймын. Облыста қазір 20 млрд көлемінде қаржы қаралған обьектілер құрылысы тоқтап тұр. Ол су жүргізу, мектеп, амбулатория салу, акушерлік пункттер салу нысандары. Сотта қаралып, кәсіпкерлерден түскен шағым көп. Осыны мен облыс әкіміне айттым. Мысалы, Жамбыл ауданында 5 елді мекенде су тарту жұмысы тоқтады. Бұған үлкен қаржы бөлінген. Ал, сол қаржының игерілуіне көңіл толмайды,- деді мәжіліс депутаты.