жұма, 27 желтоқсан, 2024 8:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының ауылдары алкогольден толық бас тартты

Жамбыл облысының ауылдары алкогольден толық бас тартты
Сурет: jambylinfo.kz
Соның арқасында қылмыс көрсеткіші төмендеген

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаарық ауылдық округі ең үлгілі ауылдың бірі. Өйткені, мұнда соңғы 4 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Аталған ауылдық округке 1700-ге жуық адамы бар Ақтоғай және Ұзақбай Сыздықбаев ауылдары да кіреді.  Бұл ауылдарда үш дүкенде алкоголь мен темекі сатылмайды. Жақында төртінші дүкен ашылмақ. Бірақ ол кәсіпкер де ауыл тұрғындарының бастамасын бірден қолдаған. Мұндай шешімді тұрғындар жас ұрпақты азғырмау үшін ақылдаса отырып қабылдаған. Нәтижесі де бар. Мәселен, бұл бастама қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ отбасылық жанжалдардың алдын алды.  

Бірақ бұл жерде учаскелік полиция инспекторының құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысы да маңызды рөл атқарады. 
Учаскелік инспектор Сағынғали Саламатов 5 жылдан бері Ұ.Сыздықбаев ауылында тұрады.

"Тұрғындар өте тату, әрі белсенді. Маған барлық жағдайда көмектесуге тырысады. Мен олардың сенімін ақтап, өз уақытым мен күш-жігерімді аямай жұмсау міндетім деп санаймын. Тіпті кішігірім тұрмыстық дауларды медиация арқылы шешуге тырысамыз. Ауылдардағы жағдай тыныш болса да, мен үлкен жауапкершілікті сезінемін. Өйткені, бірнеше жылдар бойы бірлескен күш салумен қол жеткізген көрсеткішті сақтау мен үшін өте маңызды", - дейді полиция қызметкері.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар