сейсенбі, 16 шілде, 2024 5:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды

Қазақстанда Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылды
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорда сайты хабарлап отыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты, деп хабарлайды jambylinfo. kz.

Мұны айтулы оқиға деуге болады. Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттердің терең білім алуына және кәсіби тұрғыда өсуіне зор мүмкіндік береді және олардың тілдік дағдыларды, мәдениетаралық коммуникацияны және ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне ықпал етеді.

Сондай-ақ  Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин бірқатар нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Атап айтқанда, Қазақстан мен Қытай басшылары Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне телекөпір режимінде қатысып, іс-шара қатысушыларына Ұлы Жібек жолы бағытымен жүретін транзиттік рейс туралы бейнеролик көрсетілді.

Шара соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин жүк паромдарының қозғалысын іске қосты.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар