Жамбылда жыл басынан бері 4 адам суға батып кеткен
- авторМағжан Орынбасар
- 3 шілде, 2024
- 678
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі аймақта жыл басынан бері 4 адам суға батып кеткенін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Өткен жылдың сәйкес кезеңінде Жамбылда 3 адам айдында жан тапсырған. Биыл бұл көрсеткіш 1 адамға артық. ТЖД өкілінің сөзінше, рейд кезінде 603 заң бұзушылық анықталған.
"Жамбыл облысында шомылу маусымы басталғалы бері рейд өткізу арқылы 603 заң бұзушылық анықталды. «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 216 адам, «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу» бойынша 360 адам, «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау» бойынша 27 адам жауапкершілікке тартылды",- деді Облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Думан Күдешов.