Жамбыл жаңалықтар
2023 жылы Жамбыл облысында автожолдың 95 пайызы асфальт болады
- авторjambylinfo.kz
- 27 шілде, 2021
- 214
2023 жылы Жамбыл облысында автожолдың 95 пайызы асфальт болады
«QazAvtoJol» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Айжан Тоғанова 2022-2023 жылға қарай Жамбыл облысында көлік жолының сапасы қандай болатынын айтты.
Нұр-Сұлтан мен Алматыны жалғайтын автожолдың 60% салынды Президент тапсырмасы: Қазақстанда жол салу мен жөндеудің кешенді жоспары әзірленіп жатыр Қазақстанда жолдың салыну барысын бақылайтын жаңа жүйе енгізіліп жатыр Елордада Иманов көшесіндегі учаске уақытша жабылды
«Біз қазір «Меркі- Бурылбайтал» тасжолының салыну барысымен танысып отырмыз. Бұл көлік жолы еліміздің орталығы мен оңтүстігін жалғайды. Тасжолдың құрылысы 2019 жылы басталды, жоспар бойынша 2023 жылы аяқтау көзделіп отыр. Оның жалпы ұзындығы 262 шақырымды құрайды. Тасжол құрылысы 4 учаскеден тұрады, қазіргі уақытта барлық учаскеде де жол салу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жолдың салынуына 2 компания жауапты және жобаның құны 89 млрд теңгені құрайды. Бүгінде аталған тасжолдың 70 пайызы дайын, осы орайда жылдың соңына дейін 2 учаскені халық игілігіне беруді жоспарлар отырмыз. Жол салуда еңбектеніп жатқан мамандар мен жұмысшылардың 80 пайызы жергілікті халық», - деді А. Тоғанова.
Оның мәлімдеуінше, «Меркі- Бурылбайтал» тасжолы құрылысы жұмысына 900-ден астам маман және 500-ден астам техника жұмылдырылып жатыр. Және аталған тасжол бойында 9 жылы әжетхана орнату жоспары бар. «Облыс бойынша бүгінде көлік жолының 60 пайызы жақсы жағдайда. Жалпы жол да тұрғын үй немесе көлік секілді күтіп ұстап, оны жөндеуді талап етеді. Жоспарымызға сәйкес 2022-2023 жылдары жөндеу жұмыстарынан соң облыс бойынша жолдың 95 пайызы асфальт болады», - дейді ол.
Сондай-ақ, «QazAvtoJol» Жамбыл облыстық филиалының басшысы, келесі жылы «Шу- Благовещенко» жобасы құрылысының басталатынын айтты. Айта кетейік, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ «Орталық-Оңтүстік» бағытындағы Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Балқаш - Приозерск – Бурылбайтал - Шу – Алматы аймақтарындағы жолдардың салыну барысын таныстырып, көрсету мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024