жексенбі, 17 қараша, 2024 0:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда жүйелі жұмыс бар

Жуалыда жүйелі жұмыс бар
ашық дереккөзі
Жуалыда жүйелі жұмыс бар
Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Жуалы ауданына барды. Аудан әкімі Олжас Қаржауов пен жергілікті шаруалар Қарабастау ауылы маңындағы ауылмен аттас бұлақ арнасын кеңейту арқылы суармалы алқап көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаны ұсынды. Облыс әкімі бұл мәселенің жан-жақты зерттелетіндігін айтты. Бұдан соң, Бердібек Сапарбаев жергілікті мектептің жаңа оқу жылына дайындығы барысымен танысып, тұрғындарымен кездесу өткізді. Олар медициналық қызметтің жоғары деңгейі мен ауылдағы қылмыстың төмен көрсеткіші туралы тілге тиек етті. Ауыл тұрғындарының 70 пайызы вакцинаның толық курсын алып үлгеріпті. Шақпақата ауылында жаңа су сорғы кешенінің құрылысы өткен жылдың жазында басталған десек, ол жоспар бойынша 2022 жылы аяқталмақ. Мердігер ұйым жұмысты кестеге сәйкес жүргізуде. Кешен 500 ауланы қамтиды, бұл өз кезегінде су қажеттілігін толық қанағаттандырмақ. Келесі кезекте аймақ басшысы Теріс ауылының тұрғындарымен кездесті. Бердібек Сапарбаев оларды вакцина алуға шақырып, ауыл әкімдерін сайлаудың маңыздылығын атап өтті. Өзекті жайттарға тоқталған тұрғындар ауылға медициналық пункт пен мәдениет үйін салу мәселесін көтерді. Бүгінде Жуалы ауданында жалпы құны 314,5 миллион теңге болатын 85 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол бойынша 120 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделген. - Жалпы ауданы 60 гектарды құрайтын сегіз жылыжай ашылады. Жеке кәсіпкерлермен бірнеше маңызды  жобаларды жүзеге асуда, олардың қатарында жеті құс фермасы, үш балық фермасы, сүт цехы, көкөніс сақтау қоймалары және тағы басқалары бар, - деді аудан әкімі. Облыс әкімі аталған жобалардың бірі – Ақсай ауылдық округіндегі Ілияс Жұмановтың балық фермасының жүзеге асу барысымен танысты. Сондай-ақ, аймақ басшысы шағын шаруа қожалықтарын агрохолдингке біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Қарасаз ауылындағы «Төре» шаруа қожалығының басшысы Мырзайым Тойшыбеков қырыққабат, сәбіз және көпжылдық шөп өсірумен айналысып отырғанын жеткізді. Б.Момышұлы ауылындағы «Нысанов» жеке кәсіпкерлігі цех құрылысы мен жабдықтар сатып алуға екі миллион теңге жұмсапты. Цехта күніне екі мың литрге дейін сүт өңделіп, ірімшік, май және сүзбе шығарылады. Облыс әкімі Дихан ауылындағы 180 оқушыға арналған мектеп құрылысының жай-күйін тексеріп, бірқатар ескертулер жасады. Жұмыс сапары барысында Бердібек Сапарбаевқа суармалы су жүйелерін жөндеу шаралары туралы баяндалды. Қазіргі таңда аудан қарасты сегіз ауылдық округтегі 11 каналды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аймақ басшысы сумен қамуға қатысты жобамен танысты, оны іске асыруға шекара қызметі мен «Казсушар» РМК ат салыспақ.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар