500-ден астам жол-құрылыс материалдарынан сынама алынды
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қыркүйек, 2025
- 296
Биыл «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» құрылғанына 6 жыл. Осынау мерзім ішінде аталған орталықтың өңір-өңірлердегі филиалдарының қызметкерлері нәтижелі жұмыс істеп, кездескен кедергілерді еңсеруге күш салып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Есепті кезеңде жамбылдық жолшылар республикалық желі бойынша 33 нысанға 300 инспекция ұйымдастырып, 407 сынама алған. Нәтижесінде, 21 сынама сәйкессіздік көрсетіп, 15-і түзетілген. Өңірлік филиалдың сапа және есеп бөлімінің басшысы Мадияр Мырзалимовтың айтуынша, мұндай жұмыстары облыстық және аудандық желі бойынша да жүргізілген.
– Дәл осы кезеңде облыстық желі бойынша 8 нысанға 17 инспекция ұйымдастырылып, 143 сынама алынды. 17 сынама сәйкессіздік көрсеткен. Барлығы 2 ақау анықталып, 2-уі де жойылған. Ал аудандық желі бойынша 11 нысанға 23 инспекция ұйымдастырылып, 121 сынама алынған. Оның 74-і сәйкессіздік көрсетіп, 46-сы жойылған. 12 ақау анықталып, әзірге 2-уі жойылған, – деді Мадияр Айбынұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






