«Қаңқасы ғана тұрған жоқ па». Ербол Қарашөкеев төтенше жағдайға арналған көліктердің дайындығын тексеруді тапсырды
- авторМағжан Орынбасар
- 9 сәуір, 2024
- 579
Аппарат жиналысында Ербол Қарашөкеев өрт жағдайына дайындық жөнінде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараевтың баяндамасын тыңдады. Жауаптының сөзінше, сала мамандары мен арнайы техникалар толық дайын. Бірақ, облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментінің бастығына көліктердің қазіргі жай-күйін көріп, дайындығын қайта тексеруді тапсырды.
"Аудан, басқарманың дайындығы толық тексерілді ма? Есімізде ғой, желтоқсанда төтенше жағдай болғанда біраз көліктер шықпай қалды. Сол кезде 2 апта бұрын бәрі дайын деп есеп бергенсіздер. Бірақ, біз бұл жағдайдан сәтті шыға білдік. Шынында да осы көліктер жүріп тұр ма, жанар-жағармайы бар ма? Үлкен өрт бола қалса, қаншалықты дайынбыз. Арман Құмарұлы осыған тексеру жүргізіңіздер. Бір апта уақыт беремін. Олжас Елебекұлының бәрін қатырдық дегенін тексеріңізші. Содан соң маған нақты баяндама беріңіз,- деді Ербол Қарашөкеев.
Осыдан кейін аймақ басшысы таулы аумақта орналасқан аудандардың әкімдеріне төтенше жағдайға жауапты орынбасарларын тауға аттандыруға пәрмен берді. Өйткені, бүгін облыста ауа-райы қолайсыз. Нөсер жауын төпеп тұр. Сондықтан Ербол Қарашөкеев таулы аумақтағы ауылдардағы жағдайды назарда ұстау керектігін ескертіп, әкімдерге ондағы жағдай бойынша күнделікті есеп беруді міндеттеді.
"Бүгін өздеріңіз көріп отырсыздар,Таразда таңғы 04.00-тен бері жауын жауып тұр. Енді шалғайдағы ауылдарда таудан ағатын судың қаупі өседі. Т. Рысқұлов, Жуалы, Меркі, Қордай аудандары жауапты орынбасарларыңызды тағы жіберіңіздер. Басында қарадыңыздар, қазір жай мамандарды жіберіп отырыңыздар. Бүгін таулы аумақтағы, етегіндегі ауылдардың бәрін көріп, тексеріп келіңіздер. Күнделікті жағдайды маған баяндаңыздар,- деді Жамбыл облысының әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024