Ақылбек Күрішбаев Жамбыл облысында ғылыми пилоттық жобаларды жүзеге асыруды ұсынды
- авторИндира Тәліпқызы
- 21 мамыр, 2024
- 486
Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» тақырыбында өтіп жатқан көшпелі отырысында Ақылбек Күрішбаев осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, өңірлерде ғылымды дамыту өзекті мәселе.
"Ғылымды ірі қалаларда ғана шоғырландырутеріс, өңірлерде ғылым дамымай, экономика дамымайды. Сондықтан Жамбыл облысында ғылыми пилоттық жоба ұсынуды ұсынамын және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бұл ұсынысымды колдайды деп сенемін. Себебі, Жамбыл облысы аграрлық өңір, мұнда ғылымды дамытуға мүмкіндік мол. Бұл ретте Ұлттық Ғылыми Академиясы жан-жақты қолдау көрсетеді", - деді ол.
Сонымен қатар, Ақылбек Күрішбаев облыстарда ғылымға жауапты тұлғалардың жоқтығын айтып, облыс әкіміне осы мәселеге назар аударуын сұрады. Бұдан бөлек, Күрішбаев жас ғалымдарды колдау және ғалымдарды даярлау мәселесіне тоқталды.