жексенбі, 23 маусым, 2024 6:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ғылыми кеңес құрылады - Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысында ғылыми кеңес құрылады - Ербол Қарашөкеев
Сурет: jambylinfo.kz
Аймақ басшысы жаңадан құрылатын ғылыми кеңесті өзі басқаратынын айтты

Жамбыл облысында ғылыми кеңес құрылады. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Ұлттық ғылым академиясы Президиумының «Қуатты өңірлік ғылым - қуатты өңір» тақырыбында өтіп жатқан көшпелі отырысында мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo kz. 

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Ұлттық ғылым академиясының Президенті Күрішбаевтың Жамбыл облысында ғылыми пилоттық жобаларды құру туралы ұсынысын қолдайтынын айтып, өңірде ғылымды дамыту мақсатында арнайы кеңес құрылатынын және оның жетекшісі өзі болатынын айтты. 

"Өңірлерде ғылымды дамыту өте өзекті мәселе. Ауыл шаруашылығы саласын көтеру - ел экономикасын көтеру деген сөз. Жалпы, Жамбыл облысы аграрлық аймақ. Өңірдің 60% егін шаруашылығы құрайды. Тұқымды өсіру, өңдеу және суды үнемдеу технологиясын дамыту мәселесі өзекті.  Облыста Ғылымм кеңес құрылады және оны өзім басқарамын", - деді Ербол Қарашөкеев. 

Аймақ басшысы ғылыми кеңес құруға үлкен қаражат керегін тілге тиек етіп, бұл мәселені шешуге жергілікті кәсіпкерлерді тарту керек екенін, ол үшін арнайы қор құру керегін атап өтті. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыста кадр даярлау мәселесі министрліктің деңгейінде шешілетін баса айтты.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар