сенбі, 22 маусым, 2024 14:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында батыр полицейлер марапатталды

Жамбыл облысында батыр полицейлер марапатталды
Сурет: jambylinfo.kz
Дәурен Колкаев, Ералы Сансызбаев марапатпен қатар ақшалай сыйлыққа ие болды

Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин өңірде ерлігімен көзге түскен бір топ полиция қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Оларды марапаттау туралы бұйрыққа Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қол қойған. Осылайша, қызмет бабындағы ерлігі үшін Дәурен Колкаев пен лейтенант Ералы Сансызбаев, Нұрғиса Төленге, аға инспектор Самат Бошкаевқа, инспекторлар Елжас Болат, Әділет Тойжігіт, Дидар Нәбиевтер алғыс хат алды. 

"Тараз қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Дәурен Колкаев пен лейтенант Ералы Сансызбаев "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, облыс ПД бұйрығымен оларға ақшалай сертификаттар табысталды. Олар каналға құлап кеткен 2 жасар балаға алғашқы медициналық көмек көрсеткен болатын. Шұғыл түрде жүргізілген жүрек-өкпе реанимациясының арқасында жедел жәрдем келгенге дейін баланы өлімнен аман қалған еді", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сонымен  қатар, 2024 жылғы 13 мамырда Тараз қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі өрт ошағын жойып, әйелді және оның 5 кәмелетке толмаған баласын өрттен алып шыққан полицейлер де марапат алды. Олар ПД басшылығының атынан алғыс хатқа ие болды. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар