жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 8:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Анаға тағзым» орталығы тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі

«Анаға тағзым» орталығы тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі
ашық дереккөзі
«Анаға тағзым» орталығы тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы демеушілер есебінен салынып жатқан маңызды әлеуметтік нысандардың құрылысы барысымен танысты.

Мамыр тоғайындағы «Асар» оңалту-сауықтыру орталығының аумағында «Пырақ құрылыс» ЖШС заманауи манеж құрылысы жүргізілуде. Онда қосымша физикалық дамуды қажет ететін балалар үшін иппотерапия сеанстары өтеді. 30-60 метрлік алаңда бір уақытта 12 атпен серуендеуге болады.

Бердібек Машбекұлы нысан құрылысының биыл аяқталуы тиіс екендігін баса айтты.

Манеждің өз ат қорасы болады. Қазір асарлықтардың тек үш жылқысы бар. Аймақ басшысы бұл тұрғыда жауапты тұлғаларға облыстың ірі жылқы шаруаларымен байланыс орнатуды тапсырды.

Келесі нысан мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының қосымша ғимаратының құрылысы. Болашақта оқушылар сарайы болады деп жоспарланған ғимараттың жалпы ауданы – 9,3 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Тараз құрылыс инвест» ЖШС жүргізуде.

Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарының баяу жүріп жатқандығын ескертті.

Көркем гимнастика және үстел теннисіне арналған спорт кешенінің құрылысы да қарқынды жүруде. Нысанның жалпы ауданы – 11,9 мың шаршы метр. Оның 2460 шаршы метрі – спортзал алаңы.  Жауаптылардың айтуынша, нысан тамыз айында пайдалануға берілмек.

Кешен мен «Тараз-Арена» спорт сарайы арасында жаяу және велосипед жолдарымен қамтылған спорт қалашығы салынбақ. Оның құрылысы «Таразға тарту» жобасы аясында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының жауапкершілігіне тиесілі.

Тиісінше, Тәуке хан көшесінің бойына 1,8 шақырым тротуар төселді, орындықтар орнату мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Күн сәулесінен қуат алатын электр энергиясын үнемдегіш шамдар қойылуда. Тротуар бойындағы канал қамыстан тазартылып,  спорт қалашығы аумағында әр түрлі ашық жаттығу құралдары, стрит-воркаут алаңдары мен кішігірім архитектуралық формалар орнатылатын болады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы «Анаға тағзым» орталығының құрылыс барысымен де танысты.

- Мұнда танымал тұлғалардың аналарға арналған арнайы бөлме жасақтаңыздар. Жергілікті тұрғындар ұлы адамдарды туып-өсірген, тәрбие берген аналар туралы білуі керек. Жамбылдықтарды өздерінің жерлестері Асанәлі Әшімов, Жақсылық Үшкемпіров, Илья Жақанов және басқа да аты аңызға айналған тұлғалардың аналары жайлы мәліметтер қызықтырады деп ойлаймын. Ал ол жас қыз-келіншектер үшін сондай тұлға тәрбиелеуге деген өзіндік мотивация болар еді, - деді Б. Сапарбаев.

Нысан тамыз айының соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Облыс әкімі жауаптыларға әр нысандағы жұмыстардың сапасы мен уақытылы жүруін жеке бақылауға алуды тапсырды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар