Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында жыл басынан 36 тұлға ата-ана құқығынан айрылды
- авторjambylinfo.kz
- 28 маусым, 2021
- 156
Жамбыл облысында жыл басынан 36 тұлға ата-ана құқығынан айрылды
Жамбыл облысында биылғы бес айда кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны 25,5% (49-дан 36-ға дейін) азайды.
Өткен аптада 15 кісі өлтіру қылмысы әшкереленді ШҚО-да жеңіл жүрісті қыздарды тонаған ер адам ұсталды Жәндіктерді улаған: Ақтауда көршісі мен баласының өліміне кінәлі тұрғын сотталды Қызылордада түрме аумағына есірткі лақтыруға әрекеттенген адам қолға түсті Нақтырақ айтқанда, өңірде ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр қылмыстар және аса ауыр емес қылмыстар саны азайған. Сонымен қатар қылмыс түрлері бойынша ауыр дене жарақаттарын салу, бұзақылық және бөтеннің мүлкін ұрлау, жасөспірімдердің топпен қылмыс жасау санының төмендеуі байқалады. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған кәмелетке толмағандар санының 42,6% төмендеу динамикасы байқалады, оның ішінде жалпы білім беру мекемелеріндегі білім алушылар 66,6%, колледждерде 41%, еш жерде оқымайтындар мен жұмыс істемейтіндер 14,2% төмендеген. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 7,1% азайды. Соның ішінде кісі өлтіру, зорлау, ауыр дене жарақатын салу, алаяқтық, бұзақылық және бөтеннің мүлкін ұрлау бар. «Жыл басынан бері жергілікті рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Жамбыл облысының полиция бөлімдеріне кәмелетке толмаған 3 867 бала жеткізілді, оның ішінде сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін – 2 974 жасөспірім жеткізілген. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 64 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы 57 заң бұзушылық анықталды. ІІО есебіне 182 жасөспірім және 156 қолайсыз отбасы қойылды. Құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жасағаны үшін девиантты мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке 14 кәмелетке толмаған жасөспірім орналастырылды, 36 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар ата-ана құқықтарынан айырылды», – деді Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз