жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды

Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды
ашық дереккөзі
Шу тұрғындарының көлігінен 100 келіге жуық марихуана табылды
Жамбылдық полицейлер Шу қаласының тұрғындарынан 96 келіден астам есірткі тәркіледі. Жыл басынан еліміздің аумағында 2 тонна есірткі тәркіленді Жамбыл облысында 17 тоннаға жуық жабайы қара сора өртелді Нашақорлықпен күрес: Көкшетау жастары квест-ойынға қатысты Учаскелік испекторлар темекі шегуге қатысты тыйым салу талаптарын бұзғандарға айыппұл салады «Қарасора-2021» және «Канал» республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері Шу-Меркі автожолында «Ауди» көлігін тоқтатты. «Шу қаласының тұрғындары болып табылатын 35 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы жолаушыны және көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан төрт қап табылып, оның ішінен жалпы салмағы 96 келі 900 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталды», - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар