Жаңалықтар
Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі
- авторjambylinfo.kz
- 28 маусым, 2021
- 171
Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі
Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылғы 1 қарашадан енгізілетін болады.
«Мұндай шешім сала өкілдерімен өткізілген кеңес нәтижелері бойынша қабылданды. 2021 жылғы 1 қарашадан бастап таңбаланбаған аяқ киімді өндіруге және еліміз аумағына әкелуге тыйым салынады. Ал бөлшек сауда бизнесінде таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін 2022 жылдың 1 қарашасына дейін қосымша мерзім бар», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.
Бұдан бұрын міндетті цифрлық таңбалау 2021 жылдың шілдесінде енгізіледі деп жоспарланған болатын, алайда көптеген импорттаушылар күз-қыс маусымына шетелдік өндірушілерден алдын ала жарты жылға ерте тауарларға тапсырыс береді. Сондықтан көктемде тапсырыс берілген таңбаланбаған аяқ киімнің Қазақстан шекарасын 1 шілдеге дейін өтпей қалу қаупі туындаған болатын.
«Енді нарықта жаңа нормаларға мұқият дайындалу үшін тағы бес ай және таңбаланбаған тауарлардың қалдықтарын сату үшін бір жылдан астам уақыт бар. Бизнес үшін тәулік бойы цифрлық таңбалау бойынша жедел желі жұмыс істейді. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы үнемі мамандандырылған вебинарлар өткізеді, сала өкілдеріне жеке кеңестер береді. Аяқ киімді цифрлық таңбалау туралы пайдалы ақпарат markirovka.kz порталында бар. Сондықтан әрбір кәсіпкердің нарықтағы жұмыстың жаңа ережелеріне мұқият дайындалу мүмкіндігі мен уақыты бар», дейді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Үндістанда жарқанаттардан қауіпті вирус анықталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024