Жамбылда «Қаралма» тау-шаңғы кешені келер жылы іске қосылады – Әбілхайыр Тамабек
- авторjambylinfo.kz
- 4 қыркүйек, 2024
- 799
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек төрт әкім көрген Жуалы ауданындағы мегажобаның құрылысы қайта жанданатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бес жыл бұрын құрылысы басталған демалыс кешеніне екі инвестор 4 млрдтан аса қаржы салған. Алайда кәсіпкерлердің қалтасы жұқарғандықтан ауқымды жоба аяқсыз қалған еді. Биыл Aq Niet Group компаниясымен әкімдік арасындағы келісім арқылы мегажоба құрылысы аяқталмақ. Осылайша облыс әкімінің орынбасары «Қаралма» тау-шаңғы кешені келер жылы іске қосылатынын айтты.
Айта кетейік, «Қаралма» тау - шаңғы курорты Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы көркем «Қар-алма» шатқалында, теңіз деңгейінен 2 400 метр биіктікте Батыс Тянь-Шаньның, Талас жотасының солтүстік беткейлерінде орналасқан, бұл қысқы айларда қардың жеткілікті мөлшерін және шаңғы маусымының ұзақтығын 4 ай бойы қамтамасыз етеді. «Қаралма» тау-шаңғы курортының құрылысы жеке инвесторлардың қаражат есебінен жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны шамамен 8,2 млрд.теңгені құрайды. Бүгінгі күні бугельді арқан жолының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024