жексенбі, 24 қараша, 2024 17:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мас күйдегі қостанайлық 50-ден астам гүл отырғызылған арнайы ыдысты сындырған

Мас күйдегі қостанайлық 50-ден астам гүл отырғызылған арнайы ыдысты сындырған
фото - ашық дереккөзден
Бұзақы оқиға орнында ұсталды

Қостанайда полицейлер 50-ден астам гүл отырғызылған ыдысты сындырған мас тұрғынды ұстады,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Polisia.kz жазуынша, 4 қыркүйек күні таңғы уақытта қала тұрғыны полицияға Абай – Павлов көшелерінің қиылысында арнайы ыдысқа отырғызылған гүлдерді лақтырған ер адам туралы хабарлаған.

 Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында жатқан 50-ге жуық ыдысқа отырғызылған сынған гүлдерді көрді. Күдікті 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, оны полиция қызметкерлері келесі көшеде ұстады. Осы уақытқа дейін ол дүкенге кіріп, есікті әдейі зақымдап үлгерген. Медициналық куәландыру арқылы оның “орташа дәрежеде” мас екені расталды.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бірден төрт факт бойынша жазаға тартылады. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін оған шамамен 19 мың теңге айыппұл салынды.

Әр жағдай бойынша гүлзарлар мен дүкен есіктерін қасақана бүлдіргені үшін 73 мың теңге айыппұл арқалайды немесе он бес тәулікке дейін қамауға алынады. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылады. Сот іс жүргізу шешімін қабылдайды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұзақы келтірген залал шамамен 360 мың теңгені құрады. Сондай-ақ әкімдік гүлзарларды отырғызу көктемде жүргізілгенін, ал жаз бойы қала көгалдандырушылары арнайы күтіп-баптау жұмыстарын жүргізгенін айтты.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар