дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Ұйықтайтын парта»: Бастауыш сынып оқушылары сабақта ұйықтай алады

«Ұйықтайтын парта»: Бастауыш сынып оқушылары сабақта ұйықтай алады
коллаж jambylinfo.kz.
Мұндай бастама Алматыдағы мектепте қолға алынған

Биыл жаңа оқу жылында Алматыдағы №15-гимназияның бастауыш сыныптарына түгелдей «ұйықтайтын парта» қойылды. Енді оқушылар үзіліс кезінде 20 минут тынығып, демалып алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, аталған мектеп заман үдерісінен қалмауды көздеген.

 «Оқушылар қоңырау кезінде 15-20 минут релакс минут өткізе алады. Яғни жатқызылған парталарда ұйықтай алады. Бұл балалардың денсаулығына, сабақта өздерін қалай ұстауына, сабақтағы оқу үрдісіне қалай әсер ететінін біз тәжірибеде бақылап көреміз»,-деді №15 гимназияның мұғалімі Рауан Жанатханова.

Сондай-ақ, бұл мектепте ерекше театр жұмыс істейді. Сахнаға қажет заттар мен киімдер оқушылардың өз қолдарынан шыққан. Бұған қоса, мектепте ерекше үлгідегі кітапхана мен психологиялық студия бар.

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар