Жамбыл жаңалықтар
Қарасулықтарға 40 қап көкөніс үлестіріп берді
- авторjambylinfo.kz
- 13 қазан, 2020
- 227
Қарасулықтарға 40 қап көкөніс үлестіріп берді
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген дана қазақ. Расында, мейірімділік таныту, қайырымдылық көрсету адамгершілік қасиеттің ізгі бастауы екені даусыз. «Қайырымды жан қайырым етпес есеппен, ізгі іс етсең, текті тірлік сүргенің» деген аталы сөзді қаперде ұстаған дұрыс. «Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші, игі іске жалпақтөбелік кәсіпкерлер де атсалысуда.
Жуырда «Шарипов» шаруа қожалығы Қарасу ауылдық округіндегі 40 отбасыға 1 қаптан пияз үлестірді. Олардың арасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Қайырымдылық шарасының шарапатын сезінген ауыл тұрғындары қожалық басшысы Абдухалил Шарипов пен ауыл әкімі Самат Селеубаевқа алғыстарын білдірді.
Биыл «Шарипов» шаруа қожалығы Қарасу ауылдық округіне 15 гектар пияз, 40 қант қызылшасын екті. Келер жылы аталған шаруашылық осы округке пияз, қырыққабат, сәбіз, картоп, қант қызылшасын егуді жоспарлап отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала