жексенбі, 5 мамыр, 2024 10:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Ащыбұлақ ауылында ағаш көшеттер егілді

Ащыбұлақ ауылында ағаш көшеттер егілді
Сурет: jambylinfo.kz
Республика бойынша «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы аясында Жамбыл ауданында «Жасыл аймақ» апталығы өтіп жатыр. Апталық аясында бүгін «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Ащыбұлақ ауылы тұрғындарымен бірлесіп, ауылға ағаш егілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дәл осындай шаралар ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде жалғасын тапты.

«Жасыл белдеу» Өңірлік жоспарына сәйкес, биыл 17 гектар жер учаскесіне 20 мың түп ағаш көшеттерін отырғызу көзделген. Оның ішінде 14100 түп қарағаш, 4700 түп терек, 500 түп еренталы, 200 түп туя көшеті егілмек. Бұдан бөлек, Аса ауылындағы орталық алаң аумағында және ауданға қарасты 42 елді мекенде 14444 түп бір жылдық шырайгүл гүл көшеттерін отырғызу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігері анықталып, сол бойынша тиісті жұмыс жүріп жатыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар